Курманова Карлыгаш Алпысовна » «№52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Сайрам ауданының білім бөлімінің
«№52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
:+7 (72531) 6-16-50
Ұяфлы тел:
+7(707) 124-91-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
мамыр
2024

Курманова Карлыгаш Алпысовна

Курманова Карлыгаш Алпысовна 
18.02.1971 жылы Сайрам ауданы, Шіркін ауылында дүниеге келген.1994 жылы Қ.А.Яссауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің  М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» мамандығы бойынша бітірген. Осы жылдан бері өзі оқыған М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектебінде мамандығы бойынша жұмыс жасап келеді. 2012-2015 жылдары мектептің жанынан ашылған шағын орталықта әдіскерлік қызметті қоса алып жүрді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан ұжымның кәсіподақ төрайымы болып сайланды. 2020 -2021 оқу жылынан директордың оқу  ісі жөніндегі қызметті атқарып келді. 2021 -2022 оқу жылынан директордың міндетін уақытша атқарды. 2022 жылдың 20 сәуірінен бастап мектеп директоры болып тағайындалды.Құрмет грамотасы мен диплом «Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында оқу-тәрбие үдерісін жандандыру  әдістерін мерзімді баспасөз бетіне жарияланғаны үшін «Ғылыми ізденіс» 2021 ж ,  Диплом «Ең білімді педагог» ІІІ облыстық пән олимпиадасы 3-орын,   Мадақтама «Ы.Алтынсарин :ұлттық педгогика, методология» атты аралас форматта аймақтық онкүндіктің іс-шараларын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін марапатталды.
Отбасылы,4 баланың анасы.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив