Накыпбекова Жамал Кадыракуловна » «№52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Сайрам ауданының білім бөлімінің
«№52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
:+7 (72531) 6-16-50
Ұяфлы тел:
+7(707) 124-91-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
мамыр
2024

Накыпбекова Жамал Кадыракуловна

Накыпбекова Жамал Кадыракуловна

  Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Шіркін ауылы 

№52 М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

           Накыпбекова Жамал Кадыракуловна 1974 жылы 3 маусымда Қазақстан Республикасы, Оңтүстік  Қазақстан,Арыс ауданы, Монтайтас ауылында дүниеге келген.

          1991 жылы Бейсен Онтаев атындағы жалпы орта мектебін үздік оқығаны үшін күміс медальмен бітірді. 

          1996 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінін бітіріп, кәсіби –еңбекке баулу мамандығын алған. 

          1997 жылы Шымкент қаласындағы №50 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде еңбекке баулу пәні мұғалімі болып жұмыс бастады. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегінен жол тауып, бала жанының шынайы түсіне білген ұстаз педагогикалық жұмысы барысында өз еңбегімен бір талай жетістңкке жетті. Қалалық , облыстық деңгейінде өткізілген іс- шараларға , көрме жұмыстарына қатысып, марапаттарға ие болды. Оның үлгілі сабақтары, іс-шаралары , баяндамалары қалалық , республикалық басылымдарда жарияланды.

           2005 жылы отбасы құруына байланысты  Оңтүстік   Қазақстан облысы , Сайрам ауданы Шіркін ауылындағы №52 М.Өзтүрік жалпы орта мектебіне ауысып, өз жұмысын жалғастырды. Отбасылы, 3 баланың анасы.

           2008 жылы №52 М.Өзтүрік жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

           2010 жылы дипломдағы мамандығы бойынша жұмысын жалғастырды. 

           2010 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына сырттай түсіп, 2012 жылы бітіріп, әлеуметтік-педагог және өзін- өзі тану пән мұғалімі мамандығын алды.  

           Ж. Накыпбекова  жұмыс арасында іздене отырып, өз білімін  жетілдіріп отырды.   

Өз  еңбек жолында бірнеше жұмыстары баспаға шығарылды. Сонымен қатар көптеген жоғары жетістіктерге жетіп республикалық, облыстық , аудандық деңгейдегі марпаттармен алғыс хаттарға ие болды.

          18.05.2012 жылы « Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалармен шешімдер» облыстық ғылыми- практикалық конференцияның материалдар жинағына «Қазақтың   ұлттық өнерінің бір түрі – ою-өрнек» еңбегі баспаға енді.

          14.11.2014 жылы  Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламалары аясында  бірінші (ілгері ) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.

           2015 жылы   Замануи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер,ізденістер материалдар жинағына « Мен шабыттандырамын, мені шабытандырады» еңбегі баспаға енді.

           2018 жылы   Замануи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер,ізденістер материалдар жинағына «Өзін–өзі тану пәні арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру » еңбегі баспаға енді.

           31.03.2018 жылы Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі « Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында  «Өзін-өзі тану»  пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері курсын аяқтады.

           04.10.2019 жылы Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі « Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагог мамандардың біліктілігін арттыру курсын аяқтады.

       14.10.2022 жылы « Жаһандық құзіреттіліктер» курсын аяқтады.

       2022 жылы №52 М.Өзтүрік жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

        2023 жылы «Әдістемелік вернисаж» Республикалық байқауының « Үздік әдістемелік ұсынымдар» номинация бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

        2024 жылы «Зимушка-зима-2024» Халықаралық байқауына 2 оқушысы қатысып, І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив