Тәңірберген Асқарбек Өтейұлы » «№52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Сайрам ауданының білім бөлімінің
«№52 Мұстафа Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
:+7 (72531) 6-16-50
Ұяфлы тел:
+7(707) 124-91-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
мамыр
2024

Тәңірберген Асқарбек Өтейұлы

Тәңірберген Асқарбек Өтейұлы

  Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Шіркін ауылы №52 М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Тәңірберген Асқарбек Өтейұлы 1966 жылы 31 мамырда Өзбек ССР,Киров қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан олысы Сайрам ауданына қарасты Чиркино елді мекенінде 1973-1981 жылы Үшінші интернационал атындағы мектепті бітірді. 1984-1986 жылдары Отан алдындағы борышын Баку қаласында өтеп келді. 1987-1992 жыл аралығында Мұхтар Ауезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітіріп сызу,бейнелеу өнері және еңбек пән мамандығын алды. 1992 жылы Шіркін ауылындағы Үшінші интернационал атындағы жалпы орта мектебінде сызу,бейнелеу өнері және еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс бастады. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегінен жол тауып, бала жанының шынайы түсіне білген ұстаз педагогикалық жұмысы барысында өз еңбегімен бір талай жетістікке жетті.Облыстық,аудандық деңгейінде өткізілген іс- шараларға, көрме жұмыстарына қатысып, марапаттарға ие болды. Оның үлгілі сабақтары, іс-шаралары   республикалық басылымдарда жарияланды.

           2010 жылы №52 М.Өзтүрік жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.  

Өз еңбек жолында бірнеше жұмыстары баспаға шығарылды. Сонымен қатар көптеген жоғары жетістіктерге жетіп республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі марапаттармен алғыс хаттарға ие болды. 23.03.2017 жылы «Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу әдістері мен ерекшеліктері» тақырыбында Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналында материалдар жинағы жарияланды. 2020 жылы қазан айында Республикалық ғылыми-әдістемелік «Тағылым» журналына «Суреттегі түс»тақырыбында мақаласы жарияланды. Бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

           2020 жылы  «Ұлы Дала Ұстазы»халықаралық ғылыми-педагогикалық журналына «Адам тұлғасын бейнелеу»тақырыбында мақаласы жарияланды. «Үздік автор»номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды.

           2021 жылы «Жарқын»Республикалық ғылыми-ақпараттық,танымдық-тәрбиелік журналына «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»атты мақаласы жарияланды.Қазіргі кезге дейін мектеп оқушылары түрлі іс-шараларға қатысып жүлделі орындаға ие болуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив