Рысбек Гаухар Мухтарқызы

Г.М.Рысбек 1976 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Шапырашты елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі- жоғары, ҚР -ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен киін 1993 жылы Халықаралық Қазақ Түрік
университетіне түсіп, оны 1998 жылы қазақ тілі және әдебиет пәнінің маманы бойынша бітіреді. 1993 жылы Сайрам ауданы, Шапырашты елді мекеніндегі №71 Қарасай батыр атындағы негізгі орта мектепке мұғалім болып кіреді. Аталған мектепте, өзін белсенді, шығармашыл мұғалім ретінде көрсете отырып, аймақтық «Жыл мұғалімі» сайысына қатысып,мектеп рейтінгісін көтеріп, жүлделі І орынға ие болған. 1997 жылы тұрмыс құруына байланысты Сайрам ауданы,Шіркін ауылындағы №52 М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектепке қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.Аталған мектепте өскелең ұрпаққа «Саналы тәрбие,сапалы білім» беру мақсатында аянбай еңбек етті.Білім беру саласында өзінің белсенділігінің ,білімінің,шығармашылық қабілетінің арқасында көптеген шәкірттерді қанаттандырды. Болашақ бағдар көрсете білді. Тәжірибелі ұстаздардан сабақ алып, өз білімін шыңдап отырды. 2007 жылы Астана қаласындағы №7 «Аққу» балабақшасында өз еңбек жолын «Руханият» пәні бойынша жалғастырды.Балабақша тәрбиеленушілеріне қазақ тілін жетік үйретумен қатар түрлі байқауларға бүлдіршіндерді дайындап қатыстырды. Астана қаласы, тілдерді дамыту орталығының басшысы Оразкүл Асанғазықызының «Алғыс хатымен» марапатталды.Аталған балабақша меңгерушісінің, Астана қаласы,жасөспірімдер құқығын қорғау департаментінің «Мақтау қағаздарымен» марапатталды. 2011 жылы Сайрам ауданы № 52 М.Өзтүрік атындағы ЖОМ мұғалім болып жұмысқа қабылданды. Осы жылы аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Жұмыс барысында өскелең ұрпаққа темірдей тәртіппен,терең білімді талап ете отырып, көптеген жетістіктерге жеткізді. Оқушылары ҰБТ сынағынан жоғарғы көрсеткіштер көрсетіп, грант иегерлері болды. 2017 жылдан бастап, директордың бастауыш ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Жұмыс барысында бастауыш сынып оқушыларын және бастауыш сынып мұғалімдерін түрлі мектепішілік ,аудандық іс шараларға, пәндік олимпиадаларға қатыстырып, оқушы мен мұғалімнің болашаққа қызығушылық,белсенділіктерін арттырып,оқушылары, мұғалімдер аудан, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталап отырды. Мектеп ауласын көгалдандыру қоғамдық жұмыстарына бастауыш ұжымымен белсене қатысып отырды.2019 жылы «Ұстаз тілігі», «Педагогикалық шеберлік»республикалық әдістемелік журналдарына өз мақаласын жариялап отырды. 2020 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» зияткерлік сайыстарына шәкірттері 2 дәрежелі орындарға ие болып, «Құрмет грамотасымен» марапатталды... 2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында, білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министірінің «Құрмет грамотасына» ие болды. 2020 жылы «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырылған «Дарынды және талантты балалармен жұмыс: анықтау, дамыту, шыңдау» атты онлайн конференциясына қатысқанын дәлелі ретінде сертификат берілді.2021 жылы «Қазіргі білім беру жүйесінің заманауи контексі жағдайында Қаазақстан Республикасының үздіксіз білім беруі» Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференция жұмысына қатысып,заманауи білімнің әдіснамасы, теориясы мен тәжірибесін зерттеу мен дамытуға елеулі үлес қосқанын растайтын сертификат берілді.
Г.М.Рысбек қызмет барысында шығармашылық деңгейі мен болашақ өскелең ұрпаққа аянбай еңбек еткені үшін, директордың бастауыш оқу ісі жөніндегі лауазымының ІІ біліктілік санаты берілді.