17
мамыр
2024
Шертаева Перизат Жолбарысовна

П.Ж.Шертаева 1980 жылы 17 қазанда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР-ның азаматы.. 1999 жылы №52 М.Өзтүрік атындағы мектепке ағылшын тілі пәні мұғалімі болып кіреді. П.Шертаева өзін белсенді және шығармашыл мұғалім ретінде көрсете білді. Көптеген ашық сабақтар көрсетті, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіп, мұғалімдер арасындағы олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарымен мектептің рейтингісін көтере білді. Осындай жетістіктері ескеріліп, 2006 жылы директордың әдістемелік орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылы Кембридж бағдарламасы аясындағы деңгейлік курсын оқып, І (ілгері) деңгейлі сертификат алды. 2016 жылы «Тәжірибедегі рефлексия» курсын оқып, тәжірибесін кеңінен шындады. Мектеп мұғалімдеріне 90 минуттан тұратын 25 тренинг-сессияларын жүргізді. Нәтижесінде мұғалімдер коучингте үйренгендерін, тренингте практика жүзінде іске асыра білді. Мұғалімдер мектепішідік деңгейдегі сертификаттармен табысталды. 2017 жылы TKT: CLIL халықаралық ағылшын тілі курсын оқып, 3 Band алды. Бұл сертификат П.Шертаеваға тренерлік қызметін тек Қазақстан мұғалімдеріне ғана емес, сонымен қатар шетел мұғалімдеріне де жүргізуге құқық береді. Аталған мұғалімнің мектепке қосқан үлесі зор және сабақ беру әдістемесі заманауи талаптарға сай. Соның дәлелі ретінде, 2021 жылы National Teacher Prize Kazakhstan ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан мұғалімі-2020» Ұлттық сыйлығының Дипломымен марапатталды. YouTube желісіне жариялаған қызметтік бейнеролигі бар және 400–ден аса оқырмандардың лайк коментарийларына бөленген. Марапаттары: «Заманауи сабақ – жеке тұлғаны дамыту сабағы» облыстық сырттай фестивалінің «Ең креативті ұстаз» номинациясы.
Оқушылардың «Зерттеуші» Кіші Ғылым Академиясы сырттай байқауының аудандық кезеңінде І орын иеленгені үшін Мадақтама Грамота. «Үздік әдістемелік калейдоскоп» сырттай байқауында іс әрекетті зерттеу сабағы бойынша ІІІ орынды иеленгені үшін Марапатталды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы аудандық тамыз секциясының Мадақтамасы.
- 2020 жылы National Teacher Prize Kazakhstan ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан мұғалімі -2020» Ұлттық сыйлығының Дипломы;
-Түркістан облыс әкімінің Алғыс хаты;
-ҚР ОҚУ –АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫ. 2022 жыл;
-ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ГРАМОТАСЫ. 2022 жыл;
-ҚР ОҚУ –АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫ. 2022 жыл;
-ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ГРАМОТАСЫ. 2022 жыл;
- «Оқытудың заманауи технологиялары негізінде көптілділікті ендіру» аудандық семинарының МАДАҚТАМАСЫ. 2023 жыл;
- «Алтын глобус» Білім мен Ғылым және мәдениетті дамытудың оқу - әдістемелік, ғылыми- инновациялық академиясының АЛҒЫС ХАТЫ. 2023 жыл.